Проспект А.Ясауи 87, Аппарат Кентауского городского маслихата +7 (72536) 3-25-40
Құрметті сайтқа келушілер!
15.10.2018

    

 

 

Қалалық  мәслихат «Электрондық үкімет» бағдарламасын жүзеге асыру барысында осы  сайтты аша отырып, мәслихат пен оның депутаттарының  қала тұрғындарымен  байланыстары дамып тереңдеуіне  зор үміт артады.
Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, одан әрі даму перспективалары,  қалалық мәслихаттың және оның органдарының қызметі туралы барынша толық ақпаратты  әрбір сайтқа келуші ала алады. Қалалық мәслихаттың шешімдері мен нормативтік-құқықтық актілері туралы ақпарат сайтта орналасқан. Бұл сайтта Сіз дерутаттардың, тұрақты комиссиялардың атқарған жұмысы туралы толық ақпартты алумен қатар, қалалық мәслихаттың қызметі, барлық атқарылып жатқан іс-шаралар туралы  уақытылы біле аласыз.
Сонымен қатар, Сіз өзіңіздің талап-тілектеріңізді, сұрақтарыңызды жолдап, өз пікіріңізді айтып, мәселеңізбен бөлісе аласыз.


                    Маслихат хатшысы Балабиев Т.

 

Кентау қалалық мәслихатының жетінші шақырылымының кезектен тыс екінші сессиясын шақыру туралы
19.02.2021

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 18-бабына сәйкес Кентау қалалық  мәслихатының жетінші шақырылымының кезектен тыс екінші сессиясы 2021 жылдың 28 қаңтар сағат 16-00-де Кентау қаласында шақырылсын.

 

Сессия төрағасы                                                                 Қ. Елеусизов

Күн тәртібінде:

  1. Кентау қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселесі туралы.
  2. Түркістан облысының құрамында жаңадан құрылатын ауданға атау беру кезінде Кентау қаласы халқының пікірін ескертудің кейбір мәселелері туралы.
  3. Кентау қаласының 2021-2025 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасын бекіту туралы.
  4. Кентау қаласының басқару схемасын бекіту туралы.
Қалалық мәслихатта ауыл әкімінің сайлауы өтті
19.09.2018

 

 

2018 жылы 17 қыркүйекте Кентау қалалық мәслихат депутаттары Майдантал ауылы бойынша ауыл әкімін сайлауы өтті.  Сайлау нәтижесінде Исмаилов Сабыр дауыс басымдылығына ие болып, жеңіске жетті